Отчетность

Круглоозерный кентінде 2018 жылдың 9 ай атқарылған жұмыстары.

Круглоозерный кентінде 2018 жылдың 9 ай атқарылған жұмыстары.

1.     Саябақты абаттандыру. Кентіміздегі саябақта Мердігер «Эльназ» ЖШС  1млн, 90 мың теңгеге және қосымша қаржыдан 1 млн. 363 мың теңгеге жалпы аумағы 443 шаршы метр және үнемделген қаржыдан 770 мың теңгеге 137,5 шаршы метр, жеке кәсіпкер Қ.Бектасов қабырған тастарды төсеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса «Samruk Kazyna Trust» компаниясының қолдауымен саябақ ішіне балаларға арналған спорттық, ойын – сауық кешенінің құрылысы жүргізілуде, қазан айының аяғында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 

2.     Жол.Круглоозерный кентінің 2,6 шақырымды құрайтын кіру жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталған болатын, жауапты мердігер «Асар –Строй –Сервис» компаниясы. 2017 жылы асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталған болатын, қазіргі таңда жол жиектерін кеңейту, жол белгілерін салу және автобус аялдамаларының маңын асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

3.     Қоқыс контейнерлері мен қоқыс алаңдарын орнату. Кент аумағының санитариясын қамтамасыз ету мақсатында қосымша 20 дана қоқыс жәшіктерін мердігер «Айсұлтан» 431 мың теңгеге және 7 дана контейнер алаңын мердігер ЖК «Сулейменов» 1066 мың теңгеге орнатты.

4.     Мал қорымы. Орал – Саратов  трассасында жаңа мал қорымының ашылуына байланысты, Круглоозерный кентіндегі мал қорымы жабылды.

5.     Көпір. Көпір құрылысын салу үшін, кәсіпкерлермен белсенді тұрғындар  есебінен 658 мың теңгеге құбырлар сатып алынды. Құрылысқа дайындық жұмыстары басталды.

6.     Ірі габаритті қалдықтарды шығару жұмыстары. Кентімізде  396 тонна стихиялық қалдықтар шығарылды, қазіргі кезде жұмыстар жалғасуда.

7.     Арықтар. Көктемгі кездегі су басуының алдын алу мақсатында кентімізде арық қазу жұмыстары жүргізілуде, Ленина, Комсомольская, Алмаатинская, Советская, Борисюк, Красноармейская көшелерінде және «Атамекен» шағын ауданында жалпы ұзындығы 4 шақырым арық қазылды, қазіргі кезде жұмыстар жалғасуда.

8.     Жолдарды жөндеу жұмыстары.  «Тоби» ЖШС құны 5 млн теңгеге Круглоозерный кентіндегі Маметова көшесіне 330 метр қиыршық тас төсеу арқылы профильді түзету,  Ленина көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының  59 метр және Шағала көшесіне 420 шаршы метр шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Борисюка көшесінің 1040 метр жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер  «Тоби» мекемесі жүргізді, қазіргі кезде жол белгілері орнатылып, жол таңбалары салынуда. Серебряково ауылындағы ұзындығы 1100 метр болатын Новостройка көшесіне қиыршық тас төсеу арқылы профильді түзету жұмыстарын  жалпы құны 5532 мыңға мердігер «Орал – Жолдары» мекемесі жүргізді.

9.     Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729-бабы 3-тармағына сәйкес, 2013 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, белгiленбеген орындарда сауда жасау және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. Осыған сәйкес, әкім аппаратымен әкімшілік хаттамалар дайындалды. Қазіргі таңда ескертулер таратылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505 бабының 1 тармағына сай 1 әкімшілік іс жүргізілді және 59 ескерту таратылды. Сонымен қатар, қаңғыбас малдардың ауыл ішінде жүруін болдырмау мақсатында кент тұрғындарына түсіндірме және ескерту тарату жұмыстары жасалуда.

10. Мектепке дейінгі мекеме. Жыл сайынғы есептік кездесулерде көтеріліп жүрген сұрақтардың бірі – балабақша мәселесі болатын. 2018 жылы бұл мәселе өз шешімін таппақ. Қазіргі таңда Круглоозерный кентінде мемлекеттік – жекешелік серіктестік бағдарламасы бойынша 160 балаға арналған балабақша құрылысы басталып жатыр, мердігер – «Оралземтрубсервис» мекемесі. Сонымен қатар, ЖШС «Қамқор – құрылыс» балабақша құрылысын жүргізу үшін ТУСМ – 14 мекемесі ғимаратының бөлігін сатып алып, ғимаратты балабақшаға бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Серебряково ауылында 25 балаға арналған кіші орталық өз жұмысын қыркүйек айының соңында ашуды жоспарлап отыр.

11.  Әкімдік ғимараты. Круглоозерный кентіне көшіру жұмыстарына бөлінген қаражат дайын, қазіргі кезде келісім шартқа қол қою күтілуде.

12.  2018 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша жергілікті қоғамдастық алдындағы есеп беру кезінде түскен 14 сұрақтың 10 өз шешімін тапты, қалған 4 – уі жұмыс үстінде. Сонымен қатар қыркүйек айының 6 – 14 аралығында кент әкімі тұрғындармен 8 кездесу өткізді. Аталмыш кездесудегі мәселелер бойынша хаттамалар жасақталып, жұмысқа алынды.

13. Серебряково ауылында жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен қыркүйек айының 28 күні  мешіт ашылу жоспарлануда. Ашылу салатанатына Қазақстан Республикасының бас мүфтиі қатысады деп күтілуде.

14.  Күнтізбедегі көрсетілген діни және ресми мерекелерде кент аумағында өткізіліп тұрады.

15.  Мәселелер.

-         № 51 маршрут,

-         мәдениет үйі,

-          Атамекендегі жол құрылысы