Есептілік

Информация о проделанной работе за 6 месяцев 2017 г по п.Круглоозерный

Круглоозерный кентінің 2017 жылдың І жартыжылдығында жасалған жұмысы туралы мәлімет.

 

2017 жылдың 1 шілдесінде жалпы халық саны 7195 құрады (Круглоозер кентінде 5635 адам, Серебряков ауылында 1620 адам), оның ішінде 3517 ер адам, 3678 әйел адам. Үйлер саны Круглоозерный кентінде – 1149, Серебряков ауылында – 371.

 

Әлеуметтік қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету:

Кент бойынша Круглоозерный және Серебряково ауылында тексеру жүргізілді балалар жәрдемақысы бойынша 13 отбасы, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы, материалдық көмек алу үшін 13 отбасы тексерілді.

Берілген анықтамалар жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы (мемлекеттік қызмет көрсету) алты ай ішінде – 95 анықтама. Тіркелген заңды және жеке тұлғалардың өтініштер саны 18.

 

Денсаулық сақтау.

         Круглоозерный кентінде халықтың денсаулығын сақтау бойынша емханалар, күндізгі стационарлар аусым бойынша 75 қабылдау жүргізеді және Серебряково ауылында медициналық емханалар жұмыс жасайды, олар жалға алынған. №3 отбасылық денсаулық сақтау орталығы екі жерде  жалпы тәжірибелі дәрігерлермен қамтылған Круглоозерный кентінде, біреуі Серебряково ауылында орналасқан.

         Дәрігерлік амбулаторияда үш жалпы тәжірибедегі дәрігер, бір дәрігер жоғарғы санатты, бір дәрігер бірінші санатты, 16 медбике (үш медбике жоғарғы санатты, бір медбике бірінші санатты, 5 медбике екінші санатты).

         Дәрігерлермен кадрлық қамтамасыз ету жүз пайыз көрсеткіш;

-         Орта медициналық персоналдармен жүз пайыз қамтылған.

-         Ауылдық дәрігерлік амбулаторияны кадрлық қамтамасыз ету толықтай жүргізілген. №6  емхана талабы бойынша айына бір рет Круглоозерный және Серебряково ауылдарына медициналық мамандар келеді (хирург, кардиолог, эндекринолог, балалар невропатологы).

-         Халықтың туу көрсеткіші мың адамға шаққанда он сегіз адам.

-         Халықтың өлім көрсеткіші мың адамға шаққанда алты адам.

Аналар өлімі тіркелмеген.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Круглоозерный кенті мен Серебряков ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізілді. «Міндетті медициналық сақтандыру» әлеуметтік мәртебесін енгізуді анықтау бойынша аула-ауланы аралау жұмыстары ұйымдастырылды.

Білім беру және спорт:

Кентте 2 орта білім беру мектебі, 2 кітапхана, екі Қазпошта қызметі жұмыс жасайды.

         Екі орта білім беру мектебінде барлық іс-шаралар атқарылады, мысалы 8 наурыз, Жаңа жыл,Балалар қорғау күні және т.б. іс-шаралар.

Осы іс-шаралар турасында тыл еңбеккерлеріне мерекелік түскі үзілістер, спорттық шаралар, концерттер, жиналыстар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылады.

Мектеп қабырғасында жазғы демалыс лагерлері жұмыс жасады.

Круглоозерный кентінде мектепжанындағы «Айгөлек» жазғы демалыс лагері үш мезгіл тамақпен қамтылған – 110 оқушы. Мектеп жанындағы «Достық» лингвистикалық үш тілдік лагері -200 оқушы. Мектеп жанында қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын «Мирас» күркелі лагеріне қала мектептерінен -600 оқушы, Круглоозерный ЖОББ мектебінен 30 бала қатысты. Мектеп ауласын көгалдандыру бригадалары 3 аусымға 60 оқушыдан барлығы 180 оқушы қатысты. Жасөспірімдердің еңбек лагері «Калентьев» ШҚ 30 оқушы қатысты. Мектеп жанындағы экспедициялық лагер Круглоозерный кенті маңындағы Жайық қалашығына саяхат 15 оқушы. Мектептен тыс жерлерде ұйымдастырылатын лагерлерде демалу және саяхаттар ұйымдастыру: қалалық «Атамекен» лагеріне жетім және аз қамтылған отбасына арналған жолдамам мен 15 оқушы демалды. Қалалық «Атамекен» лагеріне дарынды балаларға арналған ақылы 50 пайыздық жеңілдікпен 4 оқушы демалды. Қалалық «Атамекен» ЭО ұйымдастыруымен өтетін «Қайсар» әскери патриоттық, спорттық лагеріне 12 оқушы қатысты. Астана қаласына «EXPO 2017» халықаралық көрмесіне саяхатқа жалпыға бірдей білім беру мемлекеттік қаржысымен тегін баратын 22 шілде күні 3 оқушы, КПО бойынша тегін баратын аз қамтылған көп балалы дарында 15 оқушы, саяхатқа ата-аналарының демеушілігімен 16 оқушы ұйымдасытушы тур агентство «Мир путешествии», осы көрме бойынша ата –анасымен бірге  20 бала барады. Көкшетау қаласындағы Республикалық «Балдаурен» лагеріне ата-ана демеушілігімен 2 оқушы.

         Серебряково ауылында мектепшілік «Балдаурен» лагеріне 1-5 сыныптар аралығында 60 оқушы, «Атамекен» қалалық лагеріне көп балалы аз қамтылған отбасы балалынан 10 ішінде 15 оқушы қатысты, «Мирас» лагеріне 25 оқушы қатысты, «Қайсар» әскери-спорттық лагеріне ұлдар арасында 4 оқушы қатысты. Астана қаласында «EXPO 2017» халықаралық көрмесіне саяхатқа 5 оқушы ата-ана қаражатымен барады, Италия қаласына асыраушысынан айырылған (жетім ) 1 бала барды.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансфертке сәйкес «Е-Халық жүйесінің» бағдарламасы орнатылды. Бағдарламаға "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен  Мемлекттік сатып алудың тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден сатып алу тәсілімен 203167 тенге 93 тиын (ҚҚС ) сомасына келісім шартқа отырылды.  «Е-Халық» жүйесін бірінші кезекте, еңбекпен қамту мәселелерін шешу үшін енгізіп отырмыз. Онда жұмысы бар, әлеуметтік төлемдер алатын, жұмыссыз немесе өзін жұмыспен қамтыған тұлғалардың барлығы бойынша мағлұмат болады. Екіншіден, бұл жүйе, ауылда тұратын қазақстандықтарға жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыссыз ретінде әкімдікте тіркелуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сол жерде қандай мемлекеттік қолдау түрлеріне иек артуға болатыны жайлы толық ақпарат ұсынылады.

          Сонымен қатар қыркүйек айының бірінші аптасында Круглоозерный кенті әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша «Қайырымдылық жасауға асығайық» атты танымдылық жұмыстар өткізілді. Осы акция барысында аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасынан шыққан 35 оқушыға ауыл ішілік кәсіпкерлермен қоса «БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» көмек қолын созды. Осындай қайырымдылық іс шараға көмек көрсетуден депутаттарымыз да қалыс қалмады.

 

Ауылшаруашылығы бойынша:

Жалпы жер аумағы 18446 га құрайды: оның ішінде  егістік және тың жерлер 13638 га, шабынды жерлер 1437 га, жайылымдар 2455 га, ІҚМ - 1290, қойлар мен ешкілер – 1605, жылқылар – 45 және басқа да үй құстары – 3740.

Жоспар бойынша көктем айында Орал қаласының Ветеринария қызметкерлерінің ұйымдастыруымен алдын-ала малды бақылау жұмыстары жүргізілді (бруцеллезге қан тапсыру, сібір язвасына екпе жасау, имкар). Биылғы жылдың 6 айында 164 ит ауланды.

 Ауылшаруашылық жануарларын бағу екі кентте ұйымдастырылған, Серебряков ауылында бағу жұмыстары далада жүргізіледі, сондай ақ жануарлар көпір арқылы шалғынға айдалады, Круглоозерный кентінде жануарлар далада бағылады (көпірдің апатты жағдайда болуына байланысты шалғынға айдалмайды).

 

Шағын және орта бизнес:

Кент аумағында тіркелген және жұмыс істейтін 24 ШҚ, 6 ЖШС және 42 ЖК. Оның ішінде 3-і мал шаруашылығымен, 8-і көкөніс өсірумен, қалғандары дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысады.

 

 

Абаттандыру:

«Өңірлерді Дамыту» бағдарламасы бойынша Серебряков ауылының Новостройка көшесінде жалпы құны 820 мың теңгені құрайтын ұзындығы 913,7 ш.м. жолға тегістеу жұмыстары жүргізілді, мердігер ЖК «universal-Орал».

Круглоозерный кентінің Советская көшесінде жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, жобаның жалпы құны 150 млн.теңгені құрады, жолдың ұзындығы 1200м, мердігер – ЖШС «ДСК Приоритет».

Екінші жартыжылдықта Круглоозерный кенті Борисюка көшесі бойынша жалпы құны 162 млн теңге, көлемі  1040м құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

          Серебряков ауылындағы жалпы құны 52 млн. теңге, ұзындығы – 782 м. құрайтын ауылға кірер жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, мердігер - ЖШС «Түркістан жол сервис».

Круглоозерный кентінің Комсомольская көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде құрылғы тротуарлар салу жүргізілуде, мердігер – ЖШС «Астродор».

Круглоозерный кентінде Аламан және Атамекен көшелері бойынша  жалпы құны 6 млн. 206 мың 400тг құрайтын, көлемі 600ш.м құрайтын тратуар төсеу жұмыстарын жалғастыру бойынша келісім шарт жасалды.

           Круглоозерный кентінің кіру жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты болып мердігер  ЖШС «КSS» белгіленді, жалпы құны 142 млн.тг, ұзындығы 2,600 км құрайды.

Қыс мезгілінде апаттық жағдайлардың алдын алу үшін және тұрғындарға қолайлы жағдай тудыру мен көлік қозғалысын реттеу үшін ЖШС «Жайық Таза Қала» көмегімен көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 450-ге жуық текше метр қар шығарылды. Көктемгі кезеңде Круглоозерный кенті мен Серебряков ауылында жолдарды грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

25 наурыз – 6 сәуір аралығында жасалған сенбілік кезінде 63 т. ҚТҚ жиналды және шығарылды, 250 түп отырғызылып, талдар мен жол жиектері әктелді. 500 адам қатыстырылды.

Дербес бюджетті енгізу мәселелерінде және коммуналдық меншік өзін-өзі басқару бойынша жиындар өткізіледі, жергілікті қауымдастық жоспарын бекіту үшін түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының, осы түсімді 9,5 миллион келісім бойынша жергілікті қоғамдастық екінші жартыжылдықта жоспарланған, Круглоозерный кентінде Атамекен ш.а Аламан көшесі бойынша  жалпы құны 6 млн. 206 мың 400тг құрайтын, көлемі 600ш.м құрайтын жая жүргіншілер жолын төсеу жұмыстарын жүргізу бойынша Мемлекеттік сатып алу веб порталында хабарландыру жарияланды. Мемлекеттік сатып алудың «Баға ұсыныстарын беру» арқылы ЖК «Сагынбаев» 4 689 731 тенге сомасын көрсету арқылы  жеңімпаз болып табылды. Алайда ЖК «Сагынбаев» жозықсыз қатысушылар тізіміне енуіне (реестр недобросовестных участников) байланысты келсім шарт доғарылды. ЖК «Сагынбаевты сотқа беріп, 51 579 тенге өндірілді. Сот процесі аяқталысымен Мемлекеттік сатып алудың веб порталына тамыздың 25 күні хабарландыру қайта жарияланды. Қорытынды бойынша  ЖШС "Serdcev Corporation" қосымша құн салығын қоса алғанда 5 848 888 тенге 64 тиынымен жеңімпаз болып табылды.Қазіргі уақытта келісім шартқа отырып келіссөздер жүргізілуде.

ІІІ тоқсанда Круглоозерный кенті Борисюка көшесі бойынша жалпы құны 162 335 000 теңге, көлемі  1040м құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, тендерлік ашық конкурсы бойынша ЖШС «ТОБИ» жеңімпаз болып табылды. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Круглоозерный кентіне 3 км кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары бойнша бюджеттен 127 млн тенге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу веб порталының ашық конкурсының қорытындысымен   ЖШС «Бірлік» жұмыстарын жүргізуде.

         Круглоозерный кентінің  және Серебряков ауылына тұрақты суармалы жерлердің суару жүйелерін қалпына келтіріп, оларды республикалық меншікке беру жұмыстары  жүргізілуде.Круглоозерный кентінде 1655,14 га және Серебряков ауылында 1337 га тұрақты суармалы жерлердің суару жүйелерін қалпына келтіру бойынша қалалық экономика бөліміне сессиядан ақша бөлу туралы сұраныс хаты жіберіліп, жерге орналастыру жобасы дайындалды. Қазіргі уақытта жер актісі дайындалып жатыр.

          Круглоозерный кентінде  және Серебряков ауылында  елді мекендерді абаттандыру жұмыстары бойынша заңсыз жатқан қоқыстар үшін ауыл тұрғындарына полиция участкелік инспекторымен бірлесіп график бойынша рейттік шаралар өткізіліп,әкімшілік хаттамалар толтырылып және бірқатар ауыл тұрғындарына айыппұлдар салынды. Рейттік шаралар жалғасуда.

          27 қыркүйек 17 қазан аралығында  Круголоозерный кенті әкімнің қатысуымен халықпен жиын өткізілуде. Осыған байланысты кент тұрғындарының сұрақтарымен өтініштеріне жауап берілді. Көпшілік тұрғындарды толғандырған мәселе көшелердің тазалығы. Осыған орай тұрғындарға «Орал таза сервиспен» келісім шартқа отырып,ай сайынғы жан басына шаққанда төлемді төлеп отыру керек екендігі түсіндірілді. Келесі кезекте тұрғындардың сұранысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған жәшіктер санын көбейту және оған қоршаулар жасату.Бұл жоспар жергілікті өзін өзі басқару шотына түскен қаражаттан атқарылатын болады.

             Жергілікті өзін-өзі басқару шотына түскен қаражаттан Круглоозерный кентінің Комунистический көшесінің №2 пәтер жанына  балалар ойыны алаңын салу жоспарланды. Мемлекттік сатып алудың бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен 1 064 000 тенгемен  "Учебные системы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз деп танылып, келісім шарт жасалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді. 

Автобуспен қамтамасыз ету.

Ағымдағы жылдың наурыз айында автобуспен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін №51 автобус маршрутына жүру хронометражы жүргізілді, осы мәселе бойынша тұрғындармен екі жиын жасалды. Ауылға кіру жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталған соң үлкен сыйымдылығы бар, едені төмен автобустарды іске қосу жоспары қарастырылады.

 

Круглоозерный және Серебряково кентінде қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.

Круглоозерный кенті әкімі аппаратында мемлекеттік қызметші күніне орай ел басынның жолдауын түсіндіру, талқылау бойынша және т.б. шаралар бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады.

Круглоозерный және Серебряково кентінде ауыл әкімінің есеп беру кездесуі, ауыл тұрғындарымен «Абаттандыру» бөлімінің ережесімен таныстыру, ҚР заңдарымен түсінік жұмыстарын ұйымдастыру, қалалық прокурормен кездесулер жиі ұйымдастырылып отырады.

Ағымдағы жылы «Қала күні» мерекесі қыркүйек айының 2 жұлдызында Жайық қалашығы маңынан бастау алды.Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып,киіз үй тігілді. Қала ардагерлеріне және құрметті қонақтарға Жайық қалашығын дамыту жоспары таныстырылып,соңында мерекелік мәзір берілді.Сонымен қатар кент тұрғындарына 9 қыркүйек күні обылыстық филармонияның көркем өнерпаздары әсерлі концер кешін қойды.

 

23-қыркуйек күні отбасы күні мерекесіне орай «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ-сі мен «БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-сі бірлесе отырып,  Круглоозерный ЖОББ мектебінде «Біз бақытты отбасы» атты ойын сауық  сайысы өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздармен жүлдегерлер дипломдармен,арнайы алғыс хаттармен және бағалы силықтармен марапатталды.