Ереже

Жалпы ережелер мен міндеттері

2013 жылғы «16» тамызындағы №2473

                                                                                               Орал қаласы әкімдігінің қаулысына

                                                                                                     3-қосымша

 

2004 жылғы 30 желтоқсандағы №1767

                                                                                                 Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен

                                                                                                     Бекітілген

 

 

 

1. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» - жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1б.2т.)

2. Круглоозерный кенті әкімінің қызметін ақпараттық – талдау тұрғысынан, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 38б.1т.)

3. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты»    мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім өкім қабылдайды.

7. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   құрылымы мен штат санын Орал қаласы әкімдігімен бекітеді (9 бірлік, 2013 жылғы 16 тамыздағы № 2473 қаулысы, 6 – қосымша)

 8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: БҚО, индексі – 090012, Орал қаласы, Серебряково кенті, Учительская көшесі, 3.

9. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі және еңбек ұжымының қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сай реттеледі.

 10. Мемлекеттік мекемесінің толық атауы – «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат акима поселка Круглоозерный города Уральска». ММ атауы оны құру туралы актімен анықталады (Орал  қ. әкімдігінің 2004 жылғы«30» желтоқсандағы №1767 қаулысымен, 2013 ж 16  тамыздағы № 2473 Орал  қ. әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандығы № 1767 «Мемлекеттік мекемелерді құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізі туралы қаулысымен, 1 – қосымша).

11. Мемлекеттік мекемесі құру туралы шешім қабылдайтын Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласының әкімідігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшының құзретіне  мемлекеттік мекеменің ережесін құру, жою, қайта құру, өзгерістер және толықтырулар енгізу және ҚР заңнамалық  күші бар басқа да қызметтер енеді.

Осы Ереже «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады. (ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124 б).

12. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемесі болып табылады. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 38 б. 5т.)

13. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   кәсіпкерлік  субьектілерімен «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі   функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасы мен мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің нысанасы мен мақсаттары-кенттің тұрғындарының тұрмыс жағдайларына ықпал етіп, көмек көрсетуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өңдірісн дамыту және қолдау.

15 . «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атқаратын негізгі міндеттері:

           1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде

           2) ММ құру туралы актіде

 3) ММ туралы ережеде белгіленген міндеттер болып табылады

 4) Басты мақсат Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерін, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілерін, заңдарды, жоғарғы атқарушы органдардың шешімдерін іске асыру болып табылады.

 16. ММ  2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы негізінде белгіленген функцияларды жүзеге асырады (құзырлы).

17. ММ құқықтары мен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді.

3. Мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты  «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, өз ұжымындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін  дербес жауапты болатын округ әкімі жүзеге асырады.

19. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтін тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 36 б.1.2.т.)

20. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі селолық округі әкімінің Қазақстан республиксының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімінің өкілеттілігі: 

1) заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған «Орал қаласы әкімі аппараты» ММ бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңдарда белгіленген тәртіппен «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

3) «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ актілеріне қол қояды;

4) «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

5) «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» ММ өзге де ұйымдарда мемлекеттік органдарды білдіреді;

6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кент әкімі болмаған кезеңде өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Кент әкімі өз орынбасарың өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  кент әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 25. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

 26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

 

    27. «Орал қаласының Круглоозерный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.